Министр Екібастұз ЖЭО мүлкінің қала әкімдігі балансына берілуіне қатысты пікір білдірді

241

Олигархтар Александр Клебанов пен Сергей Кан Екібастұз ЖЭО мүлкін жергілікті әкімдіктің балансына берді.  

Министр Екібастұз ЖЭО мүлкінің қала әкімдігі балансына берілуіне қатысты пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілші министрден "БАҚ-та Клебанов пен Канның Екібастұз әкімдігіне 3,7 млрд теңге тұратын ЖЭО инфрақұрылымын бергені туралы ақпарат шықты. Осыған қатысты пікір білдіре аласыз ба?" деп сұрады. 

"Екібастұз қаласының жылу кешені туралы сөз болып отыр. Бұл Екібастұз ЖЭО-сы. Тиісті активтің иелері энергетикалық құралдардың бөлігі жергілікті атқарушы органға берілді. Қазіргі таңда станса мүлкін жергілікті атқарушы органға толыққанды беру жұмыстары аяқталып қалды. Кейіннен "Самұрық-Энерго" компаниясы басқаруды қолға алады. Шын мәнінде "Самұрық-Энерго" тиісті активті басқаруға кірісіп кетті. Қазіргі таңда жылумен қамту саласы электр энергиясын өндіру есебінен субсидияланатын бизнестің түрі", - деп жауап берді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу