Министр экологиялық кодекске қандай міндет жүктелгенін жариялады

678

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа экологиялық кодекс заман талабына сай деп екенін айтты.

Министр экологиялық кодекске қандай міндет жүктелгенін жариялады

Оның сөзінше, экологияны жақсарту үшін өнеркәсіп техникалық және технологиялық жаңашылдыққа ұмтылуға тиіс. Бұл міндет осыдан 3 күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған экологиялық кодекске жүктелген.

"Бүгінгі күні қоғамды экология мәселесі, қоршаған ортаның жағдайы толғандырады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі ретінде бұл мені қуантады. Азаматтардың белсенділігі мен берік ұстанымы бізді тиімді шара қабылдауға ынталандырады", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, жаңа экологиялық кодекс аса маңызды құжат.

"Жасыратыны жоқ, экологиялық және экономикалық мүдде арасындағы тепе-теңдікті ескеру қажет болғандықтан, түрлі қиындық туды. Экологиялық ахуалды барынша тез жақсартамын деген азаматтардың ықыласын түсінуге болады. Алайда бұл ахуал бір дегенде емес, бірнеше жылдың ішінде оңалады. Себебі экологияны жақсарту үшін өнеркәсіпте техникалық және технологиялық жүйелі өзгерістерді іске асыру қажет", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, бұл – реформаторлық құжат.

"Жаңа экологиялық кодекс экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) мен Еуропа елдерінің озық тәжірибесін ескере отырып пысықталды", –
деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу