Министр елдегі ет бағасының неге жоғары екенін айтты

Қазақстанда ет қоры жеткілікті. 

Министр елдегі ет бағасының неге жоғары екенін айтты Фото: meat-expert.ru

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі ет құнының қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет отырысында Айдарбек Сапаровтан "сиыр етінің қымбаттауына бірнеше жыл бұрынғы құрғақшылықтың қатысы бар ма?" деген сыңайдағы сұрақ қойылған. Оның айтуынша, бағаның өсуіне басқа фактор әсер еткен. 

– Біріншіден, барлық мал қырылған жоқ. Екіншіден, құрғақшылыққа байланысты емес. Өткен жылы біз қалыпты өнім алдық. Азықтандыру үшін бізде егін жеткілікті және арзан. Дегенмен, біз шығындарды басқара алмаймыз. Мұнда баға Тәжікстанның етке сұранысына байланысты болып отыр. Делдалдар бағаны көтере бастады. Қазір баға біртіндеп тұрақталып келеді. Бір келі үшін 2,7 мың теңгеден 3,3 мың теңгеге дейін басталады. Бір жерде 3,5 мың теңгеге сатылып жатыр. Бірақ жалпы ет жеткілікті, – деді министр.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрінен көктемге дейін еттің бағасында қаншалықты өзгеріс болатыны сұралған. 

"Алдын-ала болжам айта алмаймын. Өйткені, бұл саудаға байланысты. Біздің міндетіміз – өндіріс" деп жауап берді Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу