Министр елдегі карантин талаптары қалай жеңілдетілетінін түсіндірді

707

Отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында Алексей Цой халықаралық тәжірибені зерттеп жатқандарын жеткізді.

Министр елдегі карантин талаптары қалай жеңілдетілетінін түсіндірді

Қазақстанда карантин талаптарын жеңілдету жоспары дайындалып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі айтты, деп хабарлайды Atameken Business. 

Отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында Алексей Цой халықаралық тәжірибені зерттеп жатқандарын жеткізді. Сөзіне қарағанда, уақытша режим сатылап жұмсартылатын көрінеді. Бірақ демалыс күнгі локдаунның сақталуын ведомство жетекшісі жоққа шығармайды. Ал балабақшалар мен білім беру орындарының ашылуы 2 тамыздағы жағдайға байланысты болмақ. Жалпы, сол уақытта карантиннің ұзартылатыны не жеңілдетілетіні анықталады.

Цой сұхбат барысында қазір эпиахуалдың тұрақтанып, тіпті көрсеткіштердің жақсарып келе жатқанын айтты. Осы тұста, бас дәрігер Қазақстанда КВИ-ге қатысты өлім-жітім Ұлыбританиядағымен салыстырғанда 20 есе төмен болуының себебін түсіндірді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының статистикасына қарасақ, Ұлыбританияда өлім-жітім 1 млн адамға шаққанда – 665, Испанияда – 608, Швецияда – 588, Ресейде – 86, ал Қазақстанда – 31.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу