Министр елімізге келген туристерге тегін SIM-карта беруді ұсынды

222

Осылайша шетелдік туристер алғашқы сәттен бастап интернет пен байланысқа қол жеткізе алады. 

Министр елімізге келген туристерге тегін SIM-карта беруді ұсынды Фото: МТС

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тағы бір ұсыныс – туристерге келген бойда тегін SIM-карта беру. Бұл оларға алғашқы сәттен бастап интернет пен байланысқа қол жеткізуге көмектеседі. Заңсыз такси қызметтері кең таралған проблема. Олжас Абайұлы, сіздің тапсырмаңыз бойынша халықаралық әуежайларда QR жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақ үйлер, туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі", – деді Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу