Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек кітапшаларына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінгі таңда еңбек шартын рәсімдеп, оны бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде электронды форматта тіркеп, зейнетақы жарналарын аударып отыру сенімдірек. Себебі еңбек өтілі зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу арқылы есептеледі", – деді министр журналистердің сауалына берген жауабында.
Сөзінше, жастардың қолында еңбек кітапшасы болмаған күннің өзінде алаңдауға еш негіз жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу