Министр: Есек сүтіне сұраныс болса, ұсыныс та болады

9120

Бақыт Сұлтанов Алматы облысындағы есек сауатын фермаға қатысты пікір білдірді.

Министр: Есек сүтіне сұраныс болса, ұсыныс та болады

Әлеуметтік желіде "есек сауып жүрген қазақтардың" видеосы тараған болатын. Сауда және интеграция министрі осы оқиғаға байланысты өз ұстанымын айтты.

"Бұл жағынан ветеринарлық және фитосанитарлық, басқа да бақылау жүйелері бойынша тиісті функция бар. Бізде Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі техникалық регламенттер бойынша тиісті нормалар бар. Сондықтан бұл жерде ешқандай проблема жоқ. Сұраныс болса, әрине, тауар да өндіріліп, ұсыныс болады. Бірақ ветеринарлық, техникалық регламент бойынша барлық бақылау жүргізіледі", – деді ол.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, аталмыш видео Алматы облысындағы фермада түсірілген. Ал оған қатысты негізгі мәселелер Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына жататын көрінеді.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу