Министр ескі вагондарды алып тастамаудың себебін түсіндірді

333

Биыл 140 жаңа вагон сатып алынады.

Министр ескі вагондарды алып тастамаудың себебін түсіндірді Фото: zhdbilety.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев елдегі 2500 вагонның шамамен 30 пайызы ескі екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр былтырдан бастап жаңа вагондар ала бастағандарын жеткізді. 

"Өткен жылы – 113 вагон, биыл 140 вагон, келесі жылы 260-тай вагон аламыз. Жалпы жоспар – 5 жылда шамамен 1200 вагонға жеткізу. Нәтижесінде билет тапшылығы және басқа мәселелер түбегейлі шешіледі. 2026 жылға қарай қажеттілік толық қамтамасыз етілмек", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Сөзінше, ескі вагондардан істен шыққан, ал жаңа вагондар жетпей жатыр. 

"Қазір өзіміздегі 2500 вагонның шамамен 30 пайызы – ескі вагондар. Оларда кондиционер жоқ, жазғы уақытта қиын. Оларды алып тастауға болады, бірақ билет тапшылығы одан да көп болады. Қолымыздағы бар вагондар осындай. Олардың тіпті нашарын жазғы уақытта қолданбай жүрміз, өйткені ішінде өте қиын", - деп жалғастырды ол.

Журналистер министрден соңғы рет пойызға қашан мінгенін сұрады. 

"Былтыр желтоқсан айында Петропавл қаласына бардым. Бір станция емес, қалаға жеткенде пойызбен бардық. Іші жылы болды", - деп жауап берді Көлік министрі Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу