Министр футболдан ел біріншілігін өткізуге қатысты пікір білдірді

1101

Спорттың кейбір түрлері бойынша жаттығу қашықтықтын жүргізілуде.

Министр футболдан ел біріншілігін өткізуге қатысты пікір білдірді

"Төтенше жағдайға байланысты елімізде жоспарланған спорттық сайыстардың мерзімі кейінге шегерілді. Жарыстар негізінен жылдың екінші жартысында өткізіледі. Футболдан премьер-лига ойындарының жалғасуы жайлы карантин аяқталып, елімізде қалыпты жағдай басталған кезде хабарлаймыз", – деп айтып өтті спорт министрі.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, барлық спорт шараларының өту мерзімі өзгертілген.

"Елдегі спорт федерацияларына биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында ел аумағында шетелдік спортшылардың қатысуымен өтетін спорттық жарыстарды өткізу уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасалып, өзгертілді. Өздеріңіз білетіндей, жазғы Олимпиада ойындары келесі жылға қалдырылды. Бұл ретте, біздің спортшылар дайындығын жалғастыра береді. Қазіргі кезде барлық спортшылар үй жағдайында жаттығуларын жасап жатыр. Тек, спорттың кейбір түрлері бойынша жаттығу қашықтықтын жүргізілуде", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу