Министр импортқа тәуелді тауарлардың тізімін жариялады

760

Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарының 29 түрі бойынша ішкі нарықтың қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министр импортқа тәуелді тауарлардың тізімін жариялады

Бұл туралы үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев былай баяндады: "Азық-түлік тауарының негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі шамамен 85%-ды құрайды. Құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, алма, қант және балық сияқты тауарлар импортқа тәуелді".

Министрдің мәлімдеуінше, биыл елімізде өткен жылмен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе өндірісі – 18,6%-ға, шұжық өнімі өндірісі – 9,5%-ға, құс етін өндіру – 27%-ға, қант өндірісі – 28,9%-ға, балық өндірісі 10,1%-ға ұлғайды.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу