Министр: Инфекция күзде қайталанса, дайын болуымыз керек

1090

Елжан Біртанов  COVID-19 инфекциясының тежелуіне қатысты болжамдарға тоқталды.

Министр: Инфекция күзде қайталанса, дайын болуымыз керек

Коронавирус індеті көптеген елдерде 3 айдың ішінде тежеліп жатыр. Бірақ Қытай мен Оңтүстік Кореяның жағдайы індеттің қайталану мүмкін екенін көрсетеді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл тұрғыда халықаралық зерттеулердің нәтижесін ұдайы назарда ұстап отырғандарын айтады. 

"Қазір сарапшылар көбейіп кетті. Бірақ көбі медицина саласындағы сарапшылар емес. Біз  күнделікті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарымен тікелей  байланыстамыз. Сонымен қатар, басқа да мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлігінің, ғылыми зерттеу ұйымдарының мамандарымен тікелей байланысып,  барлық ғылыми зерттеу жұмыстарын назарда ұстап отырмыз.  Түрлі-түрлі болжаулар көп, бірақ, қазіргі болжау бойынша әрбір мемлекет 3 айдың ішінде ауырып шығатын түрі бар.  Бастапқы 1-1,5 ай ішінде ең жоғары деңгейге келіп, әрі қарай әр мемлекетте карантиндік шаралар енгізілетін болады. Соған байланысты инфекцияның  таралуын төмендетіп, 3 айдың аяғын ең төменгі деңгейге жетеді. Бірақ та өкінішке қарай, қазір біз көріп отырмыз, Қытай Халық Республикасында, Корея Республикасында, басқа да  мемлекеттерде осы  эпидемияны өтіп шығып,  кейін жаңа науқастар тіркеліп жатыр.  Сонымен қазіргі болжау жаз айында, мүмкін күзде де осы коронавирус  эпидемиясы жалғасуы мүмкін. Оны біз білеміз, сеземіз", – деген ведомство басшысы  Қазақстанның мұндай сценариге де дайын болатынын жеткізді.

"Осыған байланысты Үкімет пен біздің министрлік қазіргі күнде қажетті шараларды қарастырып жатыр. Инфекция күзде қайталанса, біз оған дайын болуымыз керек. Біріншіден, ел дайын болуы керек.  Әр азамат бұл ауру адамнан адамға жұғатын ауру екенін түсінуі керек. Сондықтан міндетті түрде карантиндік шаралар  ұзақ мерзімге созылса да, оны дұрыс түсініп қолдауымыз керек. Себебі бұл біздің әр азаматтың денсаулығына байланысты. Біздің денсаулығымыз өз қолымызда. Осы болжамдарға байланысты біз қажетті шараларды енгіземіз", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу