Қайрат Сатыбалдының ұсталуы "Елбасы туралы" заңға қайшы келмейді – министр

1753

"Тұңғыш Президент – Елбасы туралы" заңға сәйкес, Назарбаев және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ұсталуы мүмкін емес. Бұл санатқа Қайрат Сатыбалды кірмейді. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп жазады inbusiness.kz  тілшісі.

Қайрат Сатыбалдының ұсталуы "Елбасы туралы" заңға қайшы келмейді – министр

Министрге "Қайрат Сатыбалдының ұсталуы заңға қайшы келмей ме?" деген сауал қойылған болатын.

"Елбасы және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерін ұстауға және қамауға алуға болмайды. Бірақ олардан жауап алуға тыйым салынбаған", – деді Мусин.

Оның айтуына қарағанда, аталмыш заң Қайрат Сатыбалдыға қатысты емес.

"Біріншіден, заң отбасы мүшелерін анықтайды, оған немере інілері кірмейді", – деп түсіндірді министр.

Естеріңізге сала кетсек, Қайрат Сатыбалдыұлы "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау күдігімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады

Айта кетсек, ҚР "Тұңғыш Президенті туралы" 3-бабына сәйкес, тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, алмасқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады.

Фото: turan.edu.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу