Қазақстан посткеңестік кеңістікте дәрі айналымын қатаң реттеуші жүйесі бар бірінші ел болады

119

Биыл жүргізілген бағалауға сәйкес ДДҰ сарапшылары 8 индикатор бойынша жоғары баға берді. 

Қазақстан посткеңестік кеңістікте дәрі айналымын қатаң реттеуші жүйесі бар бірінші ел болады Фото: Үкімет

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында дәрі айналымын қатаң реттеу 2026 жылы күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Елде өндірілетін дәрілік заттардың экспорттық әлеуеті мен сапасын арттыру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық бенчмаркинг құралы бойынша Ұлттық реттеу жүйесінің жетілуінің 3-ші деңгейіне қол жеткізу қажет, – деді министр.

Ақмарал Әлназарова бұл Қазақстанға не беретінін айтты.

– 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жетілудің 3 деңгейін мойындауды растау жоспарланып отыр. Қазақстан посткеңестік кеңістікте қатаң реттеуші жүйесі бар бірінші ел болады, – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу