Министр Қазақстанда 50 жыл жөндеу көрмеген жолдар бар екенін айтты

255

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Абай облыстарында ең ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр. 

Министр Қазақстанда 50 жыл жөндеу көрмеген жолдар бар екенін айтты Фото: Үкімет

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында биыл қанша шақырым жолға жөндеу жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2029 жылға дейін 3 мың шақырым жолды бірінші және екінші санатқа ауыстыра отырып реконструкциялау көзделген. 

"Қазір министрліктің алдына 10 мың шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу міндеті қойылған. Өткен жылы оның 5 мың шақырымында жұмыстар басталып, 1 мың шақырымы іске қосылды. Биыл қалған 4 мың және жаңа 2 мың 600 шақырымда орташа жөндеу жүргізіледі. Жалпы орташа жөндеумен қамту 6600 шақырымды құрайды. Бұл әдіс жобаларды жүзеге асыру мерзімін 3 есе қысқартып, шығындарды 7 есе азайтуға мүмкіндік берді", – деді министр.

Сөзінше, аталған жолдар өңіраралық аудан мен ауданның арасын қосатын, халықтың тікелей игілігіне бағытталған жобалар.

"Бұл ретте, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Абай облыстарында ең ауқымды жұмыстар жоспарланған. Сондай-ақ, 20, 30, тіпті 50 жылдан астам уақыт жөндеу жүргізілмеген Петропавл мен Жезқазған, Қандыағаш – Шалқар, Жаңаөзен – Түркіменстан шекарасы, Қарағанды – Аягөз – Бұғаз жолдары толығымен жөндеуден өткізілетін болады",  деп атап өтті Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу