Министр: Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін

694

Қазақстанның халықаралық телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін.  

Министр: Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін Фото: aa.com.tr

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бізде қазір +7 коды бар. АҚШ-қа барған сапарымда ITU басшысы Дорин Богдан Мартинамен кездестім. Біз осы мәселені талқыладық. +997-ге өту оңай. Бұл нөмір бізге арнап резервке қойылған. Бірақ мен ITU-ға +7 орнына +77 кодын қалдыруды ұсындым. Алайда ITU бір күнде шешім қабылдай алмайды, өйткені ол халықаралық ұйым және осындай сұраныстар бойынша отырыстар, талқылаулар өткізуі керек. Олар бізге ауысу туралы ұсынысты талқылаймыз деп уәде берді. Қазақстанның басқа елдермен бірге қолданатын +7 емес, +77 коды болады деп үміттенеміз", - деп жауап берді Бағдат Мусин Үкімет кулуарында тілшілердің сұрағына.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу