Министр ҚҚС бойынша шешім қашан қабылданатынын айтты

155

Үкімет Мәжіліске қосымша құн салығының ставкасын көбейту жөніндегі ұсынысты 20 ақпанға дейін енгізбек. 

Министр ҚҚС бойынша шешім қашан қабылданатынын айтты Фото: Үкімет

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

"28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасадым. Бағдарламамда қосымша құн салығын 20 пайызға көтеру туралы бір сөз де айтылмаған. Сол себепті осы әңгімені қою керек. Қазір бизнес өкілдерімен, сарапшылармен өзара пікір алмасып жатырмыз. Содан кейін Үкімет өзінің шешімін қабылдайды",  деді Серік Жұманғарин Сенат кулуарында. 

Келесі аптадан бастап алты жұмыс тобы осы мәселе бойынша барлық өңірге барып, кездесулер өткізбек. 

"Біз бизнес өкілдерімен кездесеміз. Оның ішінде мәслихат депутаттары да бар. Олармен әлі тағы талқылаймыз. Сосын барып қана шешім қабылдаймыз. Қазір ол туралы айту ерте",  деп атап өтті министр. 

Серік Жұманғарин қосымша құн салығының ставкасын көбейту жөніндегі ұсыныс 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізілетінін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу