Биыл көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген несие беруге 700 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Биыл көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген несие беруге 700 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Ерте қаржыландырудың арқасында шаруалар қажетті көлемде сапалы тұқымдарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ жанар-жағармай материалдар мен техниканы алдын ала және қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндіктері пайда болды. Егер 2025 жылғы егіс науқанына ерте қаржыландыру 2024 жылдың қараша айының соңында басталған болса, 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінімдерді қабылдау өткен жылдың қазан айында басталды", – деді Айдарбек Сапаров.
Министр бүгінде шамамен 1900 шаруалар 200 млрд теңгеге қаржыландырылғанын айтты. Бұл – жалпы қаржыландыру көлемінің 27%-ы.
"Даму" қоры арқылы берілетін кепілдіктер бойынша несие көлемін 300 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда 86 млрд теңге көлеміндегі несиелерге кепілдік берілді.
"Сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру жалғастырылып, оның көлемі кемінде 300 млрд теңгені құрайды. Азық-түлік корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында 152 шаруадан 34 млрд теңгеге өтінімдер келіп түсті, оның ішінде 40 шаруа 13,8 млрд теңгеге қаржыландырылды", – деп атап өтті ведомство басшысы.