Министр Қызылордадағы оқушы қызды сыныптастарының жезөкшелікке мәжбүрлеу оқиғасына қатысты пікір білдірді

266

Министр қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын еске салып, бұл мәселені бақылауда ұстайтынын айтты.

Министр Қызылордадағы оқушы қызды сыныптастарының жезөкшелікке мәжбүрлеу оқиғасына қатысты пікір білдірді Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден бұл мәселенің бәрін жіті анықтау керек. Мен облыс әкімімен бұл сұраққа байланысты тығыз байланыстамын және оларға біздің ұстаздарға қатысты жедел шешім қабылдамауды сұрадым. Өйткені бас-аяғын анықтап алу керек. Қазір ішкі істер органдары да бұл мәселеде асығыстық танытпауды айтып отыр. Мен бұл шешіммен келісемін. Сондықтан әр мәселенің артында адам тағдыры тұрғаннан кейін шешім қабылдауда абай болуымыз керек", - дейді Оқу-ағарту министрі елордадағы Тамыз конференциясында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу