Министр: Мәйіттік донорды рұқсатсыз алуда қоғамның дайындығын зерттеу қажет

281

Елімізде мәйіттік донор заңдастырылған.  

Министр: Мәйіттік донорды рұқсатсыз алуда қоғамның дайындығын зерттеу қажет Фото: freepik.com

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заң қабылданғанда халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалған жүйе. Меніңше, ең бастысы осы жүйені дұрыс жолға қою үшін біз қайта тарифтерді қарауымыз қажет. Ол бірнеше сатыдан тұратын жұмыс болады деп ойлаймын. Халық та, қоғам да соған дайын болуы керек. Әзірге (мәйіттік донорды) рұқсатсыз алуға қоғам қаншалықты дайын екенін зерттеп көруіміз керек. Ондай тез шешім қабылдауға болмайды", - деді министр.

Тілшілер ведомство басшысынан емханалардағы ұзын-сонар кезек мәселесі қалай шешілетінін сұрады.

"Біз талдау жүргізетін боламыз. Жақын арада пациенттер тарапынан шағымдардың азаюына белгілі бір ықпал ететін шараларды қабылдаймыз. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар талдау жүргізіп, өздерінің ұсынымдарын беру туралы тиісті тапсырмалар алды. Мүмкіндігімізге қарай аса қысқа мерзімде аталған жұмысты жүргізетін боламыз", - деді Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, елдегі денсаулық сақтау жүйесі жолға қойылған.

Еске салу керек, осыған дейін министр Ақмарал Әлназарова МӘМС жүйесіне қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу