Министр маман тапшылығын жою үшін жалақыны көтеруді ұсынды

1169

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Шымкентке арнайы сапармен барды.

Министр маман тапшылығын жою үшін жалақыны көтеруді ұсынды Фото: otyrar.kz

Келесі жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 30, медбикелердікі 20 пайызға көтеріледі. Бұл туралы Шымкентке арнайы сапармен барған еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, елімізде медицина саласына бөлінетін қаражат көлемі артады. Мәселен, биыл бұл салаға 1,2 трлн теңге бөлінсе, келер жылы бұл қаражат көлемі 1,5 триллион теңгені құрайды. Сол қаражаттар есебінен дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы өседі. Шымкент қаласындағы сапары кезінде перинаталдық орталықтың жұмысымен танысқан министр бас дәрігерге маман тапшылығын жою үшін, дәрігерлердің жалақысын көтеруді ұсынды.

"Дәрігер-реаниматологтың жалақысы 300 мың болса, бұл сомманы 600 мыңға дейін көтеріңіз. Қажетсіз шығындарды азайтыңыз. Сол қаражатты жетіспей жатқан мамандарға төлеңіз. Дәрігер-реаниматологтардың жалақысын 500-600 мыңға дейін жеткізу керек", – деді Елжан Біртанов.

Айта кетейік, қалалық перинаталдық орталықта жылына орташа есеппен 8 мыңға тарта сәби дүние есігін ашады. Бұл перзентханада көбіне мерзімінен бұрын шақалақтар дүниеге келеді. Бүгінде медициналық ұйымда 400-ден аса медициналық қызметкер жұмыс атқарады. Министр сапары барысында қаладағы кариологиялық орталық пен онкологиялық ауруханаға да барып, дәрігерлермен кездесті.

Еркін форматта өткен кездесуде Елжан Біртанов дәрігерлердің жұмысы онсыз да ауыр екенін, олардың жұмысына деген көзқарасты өзгерту керектігін атап өтті.

Қала басшылығына көпсалалы аурухана ашу қажеттігін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу