Министр маңызды мәселе көтерді

960

Министр маңызды мәселе көтерді

Үкіметтің 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығына арналған шаралар жоспарының жобасында Мәдениет және спорт министрлігі екі шараны қарастырып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

"Халықты мәдениет нысандарына  қолжетімділікті енгізу алғашқы тәжірибе болып табылады.  Музейлерге  айдың әрбір үшінші  жексенбісі мен театрларға  жылына  4 рет тегін кіргізу тәжірибесі енгізіледі. Оның ішінде  27 наурыз- Дүниежүзілік  театр күні, Балаларды қорғау күн,  Білім күні және Тәуелсіздік күндері бар", - деді А.Мұхамедиұлы.

Ол айтып өткендей, орта мектеп оқушыларына мектеп бағдарламасы аясындағы  демалыста музей мен театрларға бару тегін болмақ.

"Қорытындысында, жыл соңына дейін аталмыш нысандарға бару көрсеткіші  45 пайызды құрайтын болады", - деді А.Мұхамедиұлы.

Министр атаған екінші шара  халықты  дене шынықтыру мен спортқа баулу.

"Екінші шара халықты бұқаралық дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту. Оның ішінде жалпы білім беру мекемелері де бар. Қорытындысында бір жылда дене шынықтыру және спортпен айналысуға азаматтардың  28 пайызын тарту қарастырылған", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу