Министр Марат Қарабаев қағаз өнімдерін өңдейтін ірі кәсіпорынды аралады

551

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Алматы облысына сапары барысында Қарасай ауданы, Абай ауылындағы KZ Recycling ЖШС-не аялдап, өндіріс орынның әлеуетін пысықтап қайтты.  

Министр Марат Қарабаев қағаз өнімдерін өңдейтін ірі кәсіпорынды аралады Фото: gov.kz

Бұл кәсіпорын 2003 жылы ашылып, Орталық Азиядағы қағаз өнімдері мен гофрленген картонның ірі өндірушісі саналады, деп жазады inbusiness.kz.

Мұнда 800-ден астам адам еңбек етіп келеді. Компания жылына 100 мың тонна 50 түрлі өнім шығаруға қауқарлы.

Зауыт басшылығы ендігі кезекте өндіріске қажетті жабдықтарды алуды көздеп отыр. Қажетті қаражатты алу үшін Өнеркәсіпті дамыту қорына лизингке өтініш бергендерін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу