Министр мәжілісмендерге уәде берді

706

"Цифрлық картаны" қолданысқа беру мерзімі жарияланды.  

Министр мәжілісмендерге уәде берді

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтен сұрақ қойып, мәселенің мән-жайын анықтап алды. 

"Асқар Қуанышұлы, ауылдарға интернет тарту туралы ақпарат мемлекеттік құпияға жата ма? Жоқ десеңіз, сіздің министрлігіңіз индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі секілді жұмыс жүргізе ала ма? Ол министрлік жұмысын реттеді. Қазір кез келген азамат олардың ақпарат көзіне кіріп, қай жылы қандай жолдың жөнделетінін біле алады. Қазақстанның телекоммуникациялық картасының жұмысы да осындай болуы керек. Халық саны 250-ден асатын немесе аспайтын ауылдар туралы айтып жатырсыздар. Алайда ондай елді мекендегі адамдар өз ауылына интернет қашан келетінін білуге  тиіс. Бұл ақпарат құпия емес пе?" – деп сұрады  Нұрлан Нығматулин. 

Асқар Жұмағалиев  ақпарат құпия емес екенін айтып, маусым айының соңына дейін "Цифрлық карта" дайын болатынын баяндады. 

Өз кезегінде мәжіліс төрағасы мәжілісмендерді министрдің уәдесін ұмытпауға шақырды. 

"Ол біздің алдымызда картаның жұмыс істеп тұрғанын жариялауы керек. Кез келген ауылдағы халық, кез келген азамат өз ауылына интернет қашан келетінін біліп отыруы тиіс", – деді Нұрлан Нығматулин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу