Министр мектепте болатын жағдайларға тек мұғалімді жазалау дұрыс емес екенін айтады

9109

Үш жақты жауапкершілік алғанымыз дұрыс.

Министр мектепте болатын жағдайларға тек мұғалімді жазалау дұрыс емес екенін айтады Фото: Үкімет

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде және одан тыс болатын оқиғаларға тек біржақты қарап мұғалімді кінәләй беру дұрыс еместігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мектепте емес, мектептен тыс болған жағдайда әкімшіліктің директор мен мұғалімге қолданған шарасын қайтадан қайтару туралы былтыр талап еткенмін. Сол бойынша директор да мұғалім де орнына қайта оралған еді. Қазіргі Қызылордадағы жағдай бойынша да анық-қанығына жетпей жатып, мектеп басшысы мен мұғалімге қатыс іс-шара қабылдау дұрыс деп есептемеймін. Біз бәрібір де ұстаз сыйлаған қоғамбыз. Сондықтан ұстаздарға құрметпен қарауымыз керек. Егер де нақты жазалары дәлелденген жағдайда заң алдында жауап береді. Заңның алдында барлығымыз бірдейміз. Бала тәрбиесіндегі үлкен жауапкершілікті ата-ана, қоғам, мектеп болып үш жақты жауапкершілікті күшейту керек",- дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу