Министр мектептерде ұлттық киімге ақша жинату қаншалықты орынды екенін айтты

344

Мектептерде білім беру процесіне қатысы жоқ мәселелерде қосымша ақша жинауға тыйым салатын бұйрық бар.

Министр мектептерде ұлттық киімге ақша жинату қаншалықты орынды екенін айтты Фото: assembly.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушыларға ұлттық киім сатып алу үшін мектептерде ақша жинату мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер министрден "Астанадағы №60 мектеп оқушыларының ата-аналары білім беру мекемесінің әкімшілігі ұлттық киім сатып алсын деп талап қойып жатыр деп шағымданды. Айтуларынша, оқушылар жұма күні мектепке ұлттық киім киіп баруы тиіс. Бұл талап қаншалықты орынды?" деп сұрады.

Ғани Бейсембаев мектептерде білім беру процесіне қатысы жоқ қосымша қаражат жинауға тыйым салатын бұйрық бар екенін баса айтты.                 

"Алайда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында ата-аналар комитетінің шешімі маған да баяндалды, мен де (олармен) кездестім, бұл қаншалықты ерікті негізде істеліп жатқанын, ата-ананың қалауы бойынша ма деп сұрадым. Ата-аналар бұған ерікті түрде қатысса, онда ұлттық киімге қатысты қандай да бір тыйым жоқ. Бірақ бұл министрліктің бұйрығымен қабылданған заңға қарсы келмеуі тиіс", – деп жауап берді Оқу-ағарту министрі Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.                        

Сөзінше, ата-аналар қарсы болған жағдайда, олар ұлттық киімге ақша шығындамай, балаларын мектеп формасымен жібере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу