Министр мемлекеттік қызметшілердің түнге дейін жұмыс істеуіне қатысты жауап берді

1117

Министр мемлекеттік қызметшілердің түнге дейін жұмыс істеуіне қатысты жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мемлекеттік қызметшілердің түнге дейін жұмыс істеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутат Ирина Смирнова министр Тамара Дүйсеновадан бюджеттік мекеме қызметкерлерінің түнге дейін жұмыс істеуіне қатысты не ойлайтынын сұрады.

"Соңғы уақытта бюджеттік ұйымдарда таңғы сегізден түнге дейін жұмыс істеу тәжірибесі қалыптасып отыр. Ресми түрде жұмыс күнінің сағат 18.00-де аяқталатынының еш мәні жоқ. Әрі жұмыс уақытынан тыс еңбек үшін қосымша ақы қарастырылмаған. Осылайша, жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмаған жетекші өзінің өкілеттігін асыра отырып, шенеуніктер мен қызметкерлерді жұмыста ұстап қана қоймай, басшы олардың ата-ана екенін ұмытады. Жұмысты осылай ұйымдастыруға сіздің көзқарасыңыз қандай? Қарамағындағылардың құқығын бұзатын басшының жауапкершілігі қандай?", — деп сұрады министрден депутат.

"Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты апта ішінде 40 сағат, күніне 8 сағат болып бекітілген. Егер үстеме жұмыс болса, тәулігіне 2 сағат, айына 12 және жылына 120 сағаттан аспауы тиіс. Бұл ретте үстеме жұмысқа қызметкердің жазбаша түрдегі келісімі бойынша ғана тартуға болады",  — деп жауап берді Дүйсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу