"Министр мен әкімдер жауапкершілікті бір-біріне сілтейді"

785

Премьер-Министр кей аймақтарда су тасуы жылдан жылға қайталанып келе жатқанын, бұл, бірінші кезекте, Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті билік арасындағы жауапкершілікті бір-біріне сілтеу мәселесіне қатысты болып отырғанын айтты.

"Министр мен әкімдер жауапкершілікті бір-біріне сілтейді"

"Су тасқынының алдын алу және одан келетін шығынды азайту әкімдіктердің жүйелі жұмысына тікелей байланысты. Әкімдіктер күнделікті қар шығару, арықтарды тазалау, уақытша бөгеттерді салу жұмыстарын уақытылы жүргізуі тиіс.  Төтенше жағдайларға жергілікті бюджеттерде жеткілікті қаражат қарастыру керек. Су тасқынын алдын алуға қатысты барлық мәселені әкімдер қатаң бақылауда ұстауы тиіс", – дейді Смайылов бүгінгі үкімет отырысында.

Жиында мәлім болғандай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында қатер бар.

Орташа қаупі бар аймақтар: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу