Министр Нан күнімен құттықтады

1781

Нан – тоқшылық пен берекенің, жақсылық пен баршылықтың нышаны.  

Министр Нан күнімен құттықтады

Үкіметтің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысы бойынша 16 қазан елімізде "Нан күні" ретінде бекітілген болатын, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, жыл сайын еліміздің наубайханалары шамамен 700-720 мың тонна нан өндіреді. Бұл еліміздің ішкі қажеттілігін өз өндірісіміз есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Дастарханында наны жоқтың, үйінің сәні жоқ" демекші біздің халқымыз нанға ерекше құрмет көрсетіп, қиқымына дейін аяқ асты етпей, қастерлей біледі.

Қазақстан астықты ел екені белгілі. Қолымызда шикізат пен қажетті өндіріс құралдары бар. Сондықтан нан пісіру мен астық өңдеу саласын дамытудың біз үшін стратегиялық маңызы зор. Елімізде астық өсіруден бастап, нан өндіріп, оны өткізуге дейінгі процестермен он мыңдаған адам айналысады.

Барлық нан пісіру кәсіпорындарын бүгінгі Нан күні мерекесімен құттықтап, дәмді де тәтті әрі пайдалы нан пісіріп отырған барша наубайшыларға ерекше құрмет білдіремін.

Елімізге амандық, халқымызға тыныштық тілеймін. Лайым нан көп болып, әрдайым тоқшылық заман болсын!" делінген министрдің құттықтауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу