Министр оқушылар арасында жиі кездесетін аурулар туралы айтты

182

Балаларды динамикалық бақылаумен қамту көрсеткіші өсті.  

Министр оқушылар арасында жиі кездесетін аурулар туралы айтты Фото: parlam.kz

Оқушылардың 90%-ы профилактикалық тексеруден өтті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елімізде 7 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. Әр мектеп емханаға бекітілген және мейіргермен 95% қамтамасыз етілген.

"2024 жылдың қорытындысы бойынша оқушылардың 90%-ы профилактикалық тексеруден өтті, бұл өткен жылғы деңгейден 9%-ға жоғары. Балаларды динамикалық бақылаумен қамту 3%-ға өсті. Көбінесе ас қорыту, көру, тыныс алу ағзаларының аурулары, сондай-ақ стоматологиялық проблемалар анықталады", - деді Ақмарал Әлназарова.

Сөзінше, өскелең ұрпақтың денсаулығы және оны нығайтуға бағытталған тиімді шараларды әзірлеу – еліміздің маңызды әлеуметтік міндеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу