Министр өлім-жітім көрсеткіші жоғары өңірлерді атады

1254

Министр өлім-жітім көрсеткіші жоғары өңірлерді атады

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Емханаларда туберкулезге қарсы қосымша онкологиялық, маммологиялық кабинеттер ашылды. Бұл шаралар ана мен нәресте өлімі және еліміз бойынша жалпы қатерлі ісіктен болатын өлімді төмендетуге мүмкіндік берді", - деді министр.

Біртанов бірқатар облыста өлім-жітім көрсеткіші республикалық деңгейден жоғары екенін мәлімдеді.

"Шығыс Қазақстан облысында ана өлімі республикалық деңгейден 53%-ке жоғары. Қостанай облысында нәресте өлімі республикалық деңгейден 31%-ға жоғары. Ал Павлодар облысында қатерлі ісіктен болатын өлім 56%-ға жоғары", - деді ведомство басшысы.                

Осыған байланысты министр облыс әкімдеріне негізгі бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. 

"Біріншіден, скринингтер мен профилактикалық тексерістерді қарау. Екіншіден, жүкті әйелдерді уақытында есепке тұрғызу және 1 жасқа дейінгі балаларды патронаж бойынша атқарылатын шараларды 100%-ға жеткізу қажет", — деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу