Министр онлайн-оқытуды регламенттеу керек екенін айтты

1192

Қазақстан онлайн-оқытатын оқу орындарының қызметін регламенттеуі керек, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

Министр онлайн-оқытуды регламенттеу керек екенін айтты

"Онлайн-оқыту – бүгінгі күннің шындығы. Қаласақ та, қаламасақ та бұл қызметті регламенттеу керектігін түсінуіміз керек. Біз терістеу туралы айтпаймыз, өйткені мұндай оқу орындары елімізде бар. Сондықтан да онлайн-оқыту мәселесінде белгілі бір талаптар қоюымыз керек", - деді Аймағамбетов.

"Кейбір ЖОО-лар лицензия алып, диплом береді. Шын мәнісінде қашықтықтан білім беретін оқу орындары талапқа сай жұмыс істемей, диплом береді. Бұл дұрыс емес. Осындай жоғары оқу орындарына қойылатын біліктілік талаптары болып, олар лицензия алуы тиіс. Сапа мен білім беру бағдарламалары бойынша талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана олар білім беруге керек", - деп толықтырды министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу