Министр парацетамолды қандай дәрімен алмастыруға болатынын айтты

1455

Дене қызуын түсіретін басқа 33 препарат бар. 

Министр парацетамолды қандай дәрімен алмастыруға болатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше халық әлеуметтік желідегі деректерге сеніп, жаппай парацетамол сатып алуда. Алайда оны алмастыратын препараттар жетерлік. 

"Кеше Нұр-Сұлтан дәріханаларына 70 мың пациентке жететін 70 мың қаптама парацетамол жеткізілді. Тұрғындар жарты сағатта бұл препараттарды сатып алды. Қазір желіде бұл препараттарды үстіне ақша қосып сатып жатқандар да жоқ емес. Алайда бізде құрамында парацетамолы бар 33-ке жуық дәрілік препарат бар. Нарықта бұл дәрі-дәрмектер ашық сатылымда. Халық әлеуметтік желілерден парацетамол туралы көріп алып, тек соны сұрайды. Ал негізінде оның орнына ішуге болатын басқа дәрілер бар", – деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бірқатар өңіріндегі дәріханаларда аталған препарат таусылып, ел арасында алаңдаушылық туған. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу