Қазақстанда 9 су қоймасы салынбақ

756

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев елімізде келер жылы салынатын су қоймалары туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда 9 су қоймасы салынбақ Фото: khabar24.kz

"2025 жылға дейін қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін жинақтау көлемі 1,7 текше километрді құрайтын 9 жаңа су қоймаларының жобасы іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде Ақмола – 1, Алматы облысы – 1, Жамбыл – 3, Батыс Қазақстан – 2, Қызылорда – 1, Түркістан – 1, 59,4 млрд теңге сомасына, 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте 11,3 млрд теңге қолдау тапты", деді министр С.Брекешев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Былтыр елімізде көлемі 18,5 млн м3 "Кеңсай-Қосқорған-2" су қоймасы пайдалануға берілді. 

"2022-2023 жылдар кезеңінде 6 жобалық сметалық құжаттарды әзірлеуді аяқтау жоспарлануда, бұл жалпы көлемі 1,6 км м3 болатын Ырғайты, Ақмола, Қалғұты, Үлкен Өзен, Бұзылық, Қараөзек және Кіші Өзен су қоймалары. Келер жылы аталған қоймаларының құрылысын бастау жоспарланып отыр", деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу