"2022 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде пилоттық режимде іске қосылған "Күміс университет" жобасы басқа өңірлерде де жүзеге асады", - деп мәлімдеді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Университеттер базасында ашылғалы отырған бұл орталықтарда зейнет жасындағы және осы жасқа таяған қарияларға қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, жоба егде жастағы азаматтарға қаржы сауатын арттыруға көмектеседі.
""Күміс университет" жобасы пилоттық режимде сәтті жүзеге асып, 2 мыңдай адам курс оқыды. Енді тағы 70 ЖОО-да осындай орталық ашу университеттердің үшінші миссиясы болмақ. Сондай-ақ, бұл бастаманы барлық ректор қолдап отырғанын айта кету керек", – деді Саясат Нұрбек.