Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу қалай жүзеге асатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
"Негізгі тәсіл – салық төлеушіні сервистік сүйемелдеу. Бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің екінші деңгейдегі банктердің және басқа да цифрлық арналардың платформаларында электрондық сервистер мен интеграцияларды дамытумен қамтамасыз етілетін болады. Шешімдер қатарында: декларацияларды алдын ала толтыру және автоматты түрде декларациялау; маңызды оқиғалар бойынша push-хабарламалар. Мысалы, қосылған құн салығы бойынша есепке қою немесе салық есептілігін беру мерзімі басталған кезде жекелеген процестер "өтiнiшсiз" форматта болады. Мысалы, мемлекеттік бажды автоматты түде қайтару немесе салықтарды есепке жатқызу", – деді Қаржы министрі.
Қосылған құн салығы төлеуші ретінде тіркелгеннен кейін Мемлекеттік кірістер комитетінің платформасында ("Электрондық шот фактуралары" ақпараттық жүйесінде) кәсіпкер жалпы, электрондық шот-фактураларымен қалай жұмыс істеу керек, қосылған құн салығы бойынша базалық ұғымдар, электрондық шот фактураларын жазып берудің және декларацияны тапсырудың негізгі мерзімдері бойынша базалық оқудан өтеді.
Мәди Такиевтің айтуынша, бұл қателіктер мен даулы жағдайларды болдырмау үшін жасалып жатыр.
Айта кету керек, бұған дейін өңірлерде шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 400 млрд теңге бөлінетінін жазғанбыз.