Жуырда ғана ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалған Саясат Нұрбек депутат кезінде өзі жазған сұрақтарға жауап беріп жатыр екен.
Бұл туралы 25 тамызда "Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы" атты ғылым және жоғары білім форумының пленарлық отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Айта кету керек, Саясат Нұрбек мұның алдында мәжіліс депутаты болған еді.
"Ең қызығы, қазір менде өзім жолдаған үш депутаттық сауал бар. Жауап беруім керек. Әлдеқашан келіп түскен депутаттық сауалдар деп көмекшім алып келді. Оқып шығып, мұны қандай ақымақ жазды екен деп ойладым. Қарасам, "Саясат Нұрбек" деп жазылып тұр. Міне, осындай қызық жағдай. Сондықтан құрметті әріптестер (экс-әріптестеріне қарата – авт.), сауалдарды мұқият жазыңыздар. Оған болашақта кім жауап беріп қалатынын бір Құдай біледі", – деді министр.