Министр СОVID-19 вирусының жаңа штамы тіркелген өңірлерді атады

878

Оның айтуынша, коронавирустың жаңа штамы 4 облыста ғана тіркелмеген.  

Министр СОVID-19 вирусының жаңа штамы тіркелген өңірлерді атады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой елімізде коронавирустың британиялық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық штамдары тіркелгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ведомство басшысы бұл штамдар ШҚО, СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында ғана тіркелмегенін атап өтті.

"Зерттеу нәтижелері бойынша қалған өңірлерде коронавирустың жаңа штамдары тіркелді. Алматыдағы науқастардан алынған ДНҚ үлгісін секвенирлеу нәтижесінде "британиялық" және "оңтүстікафрикалық" штамдарының циркуляциясы анықталды. Олар өте жұқпалы және инфекция кең таралуы мүмкін", - деді Алекцей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мамандар СОVID-19-дың бар-жоғына оң нәтиже көрсеткен 265 сынаманы зерттеген. Нәтижесінде 12 сынамада "британиялық" штаммға тән мутация анықталған.

"Алматыда – 8 , Ақтөбе облысында – 3, Нұр-Сұлтан – 1 штамм. Оның ішінде (коронивирустың жаңа штамын – автор) шетелден әкелудің 8 дерегі бар. Олар елге ұшақпен келген. БАӘ-ден келген 5 науқастан, Египеттен келген 3 науқастан (коронивирустың жаңа штамы – автор) анықталды.

Коронавирустың жаңа штамдары бірдей белгілерге ие. Онда науқастардың қызуы көтеріледі, жөтеледі, дәм және иіс сезу қабілетінен айырылады", - деді министр.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде коронавирус жұқтыру 1,5 есе артқаны хабарланған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу