Министр "студенттер Тоқаевты қолдау митингіне еріксіз барды ма" деген сұраққа жауап берді

1522

Алматы қаласында "Аманат" партиясы президентті қолдауға митинг өткізді. Оған студенттерді "күштеп", "алдап" апарды деп интернет желісінде сынға қалды. 

Министр "студенттер Тоқаевты қолдау митингіне еріксіз барды ма" деген сұраққа жауап берді

Осы мәселе бойынша журналистер бүгін мәжіліс кулуарында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің пікірін білуге тырысты.

"Міне, мынадай оқу орынның мынадай оқытушысы бізді күштеді" деп айтса, аты-жөндерін көрсетсе тексереміз. Студенттердің атынан ешқандай шағым түскен жоқ", деген министр аздан соң басқаша сөйлей бастады. Себебі БАҚ өкілдері осы мәселені тексеруді сұрап, министрлікке сауал жолдағанын, сонда тексеріліп жатқаны туралы жауап алғанын айтты.
"Сіздер жолдаған сауал бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті жауап беріледі", - деді Аймағамбетов. 

Бірақ нақты тексеру қалай жүргізілетінін нақтыламады. "Студенттер ашық айтудан жасқанатын болар, аноним сауалнама жүргізіле ме" деген сауалға "мүмкін аноним сауалнама жүргіземіз" деп екіұшты жауап қатты.

Айта кетейік, БАҚ-қа кейбір студенттер президентті қолдау туралы митинг болатынын білмегенін, оқу орыннан концерт көруге жөнелткенін хабарлаған.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу