Министр Ұлыбританияның санкциясына ұшыраған қазақстандық компанияларды "бір күндік" деп атады

281

Министр компаниялардың ашылып, санкцияға ұшырап, қайта жабылу арқылы табысты көздейтінін жеткізді. 

Министр Ұлыбританияның санкциясына ұшыраған қазақстандық компанияларды "бір күндік" деп атады Фото: 365info.kz

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Ұлыбританияның санкцияларына ұшыраған ЖШС-лардың тек бір күндік компания екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz cайты.

"Менің есімде, алғашқы екі компания америкалық санкцияларға ұшырады. Олар – осындай мақсат үшін әдейі ашылатын бір күндік компаниялар. Біз тексере бастағанда, олардың іс жүзінде толыққанды экономикалық қызметі жоқ екенін анықтадық. Олар ашылады да, қандай да бір келісімшарт жасасып, кейін іс жүзінде жоғалады", – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Ол санкцияларға жауапты Қазақстанның қаржы қызметтері осы компанияларды тіркеп, тізімге енгізгенін атап өтті.

"Бұлар тек пайда табуды көздейтін бірреттік компаниялар. Мұнымен күресу қиын, бірақ біз америкалық және еуропалық санкцияларды бақылау қызметтерімен келіскен шектеулерді сақтаймыз", – деп сендірді Байбазаров. 

Нұрлан Байбазаров енді мұндай ЖШС-лар жұмыс істеген белгілі бір нарықты жоғалтатынын айтты. Басқа қазақстандық компанияларға олармен экспорттық және импорттық операциялар жасауға тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу