Министр утиль алым мәселесі әрі қарай не болатынын айтты

421

Утиль алымына қарсы петиция 50 мың қол жинады.

Министр утиль алым мәселесі әрі қарай не болатынын айтты Фото: Бейнежазбадан

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымына қарсы онлайн петиция талаптарын талқылауға арналған жұмыс тобы жайында пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Аталған петиция бойынша соңғы шешім шығаруға әлі ертерек. Себебі жұмыс тобының отырысы өтуі керек. Алайда жұмыс тобының бірінші отырысы өтпей қалды. Петицияны жазған адамдар министрлікке кіре алмаған еді, яғни ғимаратқа телефонмен кіруге болмайды. Бүгін жұмыс тобының отырысын өткіземіз", - деді Қанат Шарлапаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда тілшілер аталған жұмыс тобының отырысын ел халқы күтіп отырғанын айта келе, телефон кіргізу мүмкіндігі туралы сұрады.

"Менің ойымша, қазір нақты диалог керек, яғни шоу қажет емес. Мына жұмысты шоу үшін жасаймыз ба?! Жалпы, аталған отырыста бейнежазба жасалады. Онда жазылған видеоны толықтай кейіннен береміз. Петицияны заң аясында талқылауымыз керек және оны талқылауға мүмкіндік жасалып отыр. Осы жұмыс тобында жазылған видеоны толық нұсқада петицияны жазған адамдарға береміз", - деді министр.

Еске сала кетейік, таяуда утиль алымына қарсы петиция 50 мың қол жинады, енді оны Үкімет қарауы керек.

Биыл 6 маусымда утиль алымы туралы петицияны қарайтын жұмыс тобының отырысы өтуге тиіс еді. Алайда жиынға белсенділерді телефонмен кіргізбей қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу