Министр вакцина компоненттері аралығын ұзарту бойынша түсініктеме берді

932

Екпенің екінші дозасын 90 күн ішінде алуға рұқсат етіледі. 

Министр вакцина компоненттері аралығын ұзарту бойынша түсініктеме берді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой компоненттер арасын ұзартуда вакцина жасаушылардың ұсынысы бойынша қабылданған шешім екенін айтады. 

Атап айтқанда Ресей ғылым академиясының академигі, Гамалея Александр Гинцбург атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология орталығының директоры дозалар арасындағы уақытты ұзаруы иммундық жауаптың күшіне, ал кейбір жағдайларда иммунитеттің жоғары белсенділігіне әкелетіні туралы ресми хат жолдаған. 

"Біріншіден, әрине, біз вакцина жасаушылардың ұсыныстарына қатаң сүйенеміз. Профессор, Ресей Ғылым академиясының академигі, Гамалея Александр Гинцбург атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология орталығының директоры, 22 сәуірдегі ресми мәлімдемесінде көрсетілгендей, аралықты ұзарту иммундық күштің ұзақтығы мен оның артуына әкеледі. Егер 45-ші күні екінші компонентпен вакцинациялау мүмкін болмаса (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге кету), вакцинацияға 90 күн ішінде рұқсат етіледі", - деп атап өтті Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, екінші компонент жеткілікті мөлшерде, вакцина тапшылығы жоқ, барлығы кестеге сәйкес жүріп жатыр.

"Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Ұлыбритания, Франция, Украина, Чехия, Канада, Италия сияқты елдерде вакцина дозалары арасындағы аралықты көбейту туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, бұл бірқатар белгілі вакциналарға қатысты - Pfizer / BioNTech, Moderna, Vaxzeria, олар үшін дозалар арасындағы уақыт ұлғайтылды", – деді министр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу