Министр Вek Аir ұшағының апатына себеп болуы мүмкін үшінші нұсқаны атады

1189

Алматы әуежайы Bek Air ұшағының құлау уақытының хронологиясын жариялады.

Министр Вek Аir ұшағының апатына себеп болуы мүмкін үшінші нұсқаны атады

"Бек Эйр" ұшағының құлауына себеп болуы мүмкін үшінші нұсқа айтылды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жантүршігерлік жағдай навигациялық қызметтің қателігінен болуы ықтимал дейді.

Одан бұрын, ұшқыштың кінәсі ма әлде ақау шықты ма деген нұсқалар қарастырылған еді. Қазіргі таңда барлық жағдай бойынша 5-6 техникалық сараптама жүргізілуде. Оқиғаға қатысты тергеу әлі аяқталмаған.

Алматы әуежайы Bek Air ұшағының құлау уақытының хронологиясын жариялады.

Кестеге зер салсаңыз, аталмыш рейске тіркеу таңғы 05.35-те басталып, 06.35-те аяқталған. 07.03-те жолаушылар ұшаққа отырғызылады. 07.21-те әуе кемесі ұшып шығып, бір минуттан соң борт радардан жоғалып кеткен. Кейін, 07.24-те ұшулар жетекшісі әуежайдың апаттық құтқару жеке құрамына дабыл қағады. 07.27-де  апаттық құтқару қызметі 6 "К" бөлігіне жұмылдырылды. 07.35-те ұшулар жетекшісі 20 А шаршысында апат болғанын хабарлайды. 07.36-да оқиға орнына өрт құтқару жасағы келіп, 18 Б шаршысында қираған ұшақ туралы хабар беріп жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіре бастады. 07.39-да жасақ басшысы медициналық көмек туралы сұратады. Араға 3 минут салып оқиға орнына әуежайдың жедел құтқару командасының тұтас құрамы жетті. 08.10-да оқиға орнынан барлық жолаушылар түгел қауіпсіз жерге көшірілді. Алғашқы минуттарда 22 техника, 83 адам жұмылдырылған.

Бек эйр ұшағының қара жәшігі Мәскеуге жеткізілді. Енді Ресейдегі мемлекетаралық авиация мереке күндері де жұмыс істеп, мәселенің мән-жайын анықтауға уәде беріп отыр.

Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың сөзінше, қара жәшіктегі жазбалар жақсы сақталған. Сондықтан ешқандай проблема туындамауы керек деді. 10 қаңтарға дейін ондағы барлық деректер жарияланатын болады. Сондай-ақ, осы апатқа қатысы бар азаматтардың барлығы жазаға тартылатын болады, дейді Роман Скляр.

Ұшақ апатынан зардап шеккен 9 науқастың жағдайы ауыр. Бүгінде олар жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, қазір Алматы мен Алматы облысындағы ауруханаларда 46 пациент жайғастырылған. Оның 9-ы бала. Күні кеше ғана 3 азамат үйлеріне шығарылды. Сондай-ақ, министр екінші ұшқыштың жағдайына да тоқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу