Министр: Ветеринарлар ит аулау сынды өздеріне тән емес жұмыс атқарып келді

1002

Ауыл шаруашылғы министрі Ербол Қарашөкеев мәжілісте өткен үкімет сағатында ветеринария саласын реформалау туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, нормативтік-құқықтық актілерде қайшылықтар бар.

Министр: Ветеринарлар ит аулау сынды өздеріне тән емес жұмыс атқарып келді

"Эпизоотия ошақтарын зерттеп-қарауды жүргізу бөлігінде қадағалау және іске асыру функцияларының егжей-тегжейлі функционалының болмауы, тиісті аумақтар әкімдерінің карантинді және шектеу іс-шараларын уақтылы қолданбауы жергілікті жерлердегі эпизоотиялық ахуалдың нашарлауына, әсіресе карантин белгіленген кезде әкелді. Карантин 90 күнге дейін кешіктірілген фактілер бар, сәйкесінше ошақты жою шаралары уақтылы жүзеге асырылмады, бұл инфекцияның таралуына әкелді", – деп мойындайды министр.

Оның айтуынша, ветеринариялық мамандар өздеріне тән емес функцияларды (қаңғыған иттерді аулау және ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру) жүзеге асырып келеді. Бұл жоспарлы іс-шараларды жүргізудің уақытылы жүзеу асырылуы мен тиімділігінің төмендеуіне алып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу