Министр Ю.Ильин: Түркістан облысында жаңбыр тоқтағанымен, су ағыны тоқтаған жоқ

624

Өңірден 240 адам мен 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды.  

Министр Ю.Ильин: Түркістан облысында жаңбыр тоқтағанымен, су ағыны тоқтаған жоқ Фото: gov.kz

Министр Юрий Ильин Түркістан облысында су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ведомство басшысы тарапынан жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды.

"Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастыруда. 200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді.

"Жағдай ерекше бақылауда. Республикалық және облыстық жедел штабтар, "жедел желі" жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу