Министр жаңа Су кодексі не үшін керек екенін түсіндірді

229

Құжат асығыста қабылданып жатыр деп айту дұрыс емес.

Министр жаңа Су кодексі не үшін керек екенін түсіндірді

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі қолданыстағы Су кодексі 2003 жылы қабылданды. 20 жыл ішінде экономиканың барлық секторында суды қолдану бойынша үлкен өзгерістер болды. Біріншінден, климаттық өзгерістер Қазақстан аумағында ғана емес, бүкіл әлемде су ресурстары азайып жатқанын көрсетеді. Жаңа Су кодексінде су үнемдеу технологиялары арқылы оны тиімді қолдану, суды екінші мәрте қолдану туралы айтылады. Негізгі жаңашылдықтар осы жоспарға қатысты", - деп жауап берді Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Айтуынша, құжатта биылғы су тасқынына байланысты бірқатар қосымша шаралар да ескерілген.

"Су кодексі асығыста қабылданып жатыр деп айту дұрыс емес. Бүгінде қоғамымызда осы құжатты қабылдайтын қажеттілік туындады", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу