Министр жанар-жағармай экспорты не себепті тоқтатылғанын айтты

201

Бұл елден шығарылатын жанармай көлемін бақылауға мүмкіндік бермек.

Министр жанар-жағармай экспорты не себепті тоқтатылғанын айтты Фото: almaty.tv

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстаннан теміржол арқылы жанар-жағармай шығаруға неге тыйым салынғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бізде тапшылық бар. Жылдың соңына қарай жалпы жылдық тұтыну көрсеткіштерін ескере отырып, біз Ресеймен индикативті баланс жасаймыз. Сол бойынша сыртқы нарықтан белгілі бір мөлшерде мұнай өнімдерін кедендік бажсыз импорттай аламыз. Бұл ішкі нарықта тиісті сұранысты толықтай қамтамасыз ете алмаған жағдайда екенін атап өту керек. Бұл шаралар бізге Қазақстанға шығарылатын "сұр экспорт" мұнай өнімдерінің көлемін нақты бақылауға мүмкіндік береді", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу