Министр жедел жәрдем қызметкеріне жұдырық жұмсаған бұзақыны жазалауды талап етті

583

Жедел жәрдем жүргізушісі Мақажанов атындағы облыстық аурухананың неврология бөлімшесіне мидың шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы, қабырғаның жабық сынуы, көздің гематомасы диагнозымен емдеуге жатқызылды.

Министр жедел жәрдем қызметкеріне жұдырық жұмсаған бұзақыны жазалауды талап етті Фото: ДСМ

Бүгінгі таңда денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрлік таратқан дерекке қарағанда, жедел жәрдем түнгі 23-30-да дене қызуы көтерілген және қызылшаға күдігі бар балаға шақыртуға барған.

"Баланы стационарға тасымалдау үшін үйдің ауласына жедел жәрдем көлігі тұраққа қойылды, онда санитариялық автокөліктің жүргізушісіне өтіп бара жатқан таныс емес адамдар шабуыл жасалды. Өздеріңіз білетіндей, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді. Адамның өмірі мен денсаулығы олардың жедел әрекет етуіне байланысты. Бірақ азаматтар біздің фельдшерлер мен 103 жүргізушілерінің қандай қиын жағдайда жұмыс істейтінін әрдайым түсіне бермейді. Өкінішке қарай, мұндай агрессия жағдайлары, жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасау жиі болады және олар заңмен қатаң түрде кінәлілерді жазалауды талап етеді", – деді Денсаулық сақтау министрі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының полиция департаментімен бірлесіп уақытылы әрекет етуінің арқасында шабуылдаушы азаматтың жеке басы анықталды.

"Менің ойымша, медицина қызметкерлеріне, әсіресе жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты мұндай зорлық-зомбылық әрекеттеріне мүлдем жол берілмейді және құқық қорғау органдарының деңгейінде де, қоғамда да қатаң айыпталуы тиіс. Зардап шеккен жедел жәрдем жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тілеймін және барлық медициналық жұртшылықты осы оқиға бойынша тергеу менің жеке бақылауымда болатынына сендіремін", – дейді Ажар Ғиният.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу