Министр жылу электр орталықтарының тозуына не себеп болғанын айтты

491

​ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов тозығы жеткен жылу электр орталықтарының жай-күйі туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министр жылу электр орталықтарының тозуына не себеп болғанын айтты

"Еліміздегі жылу электр орталықтарының 66 пайызы тозған. Ал кей өңірлерде 80-90 пайыздан асып түседі. Оның себебі – қаражаттың дұрыс бөлінбеуі, екінші себеп – бақылаудың болмауы. Осы орайда жылу электр орталықтарының жұмысын қадағалайтын энергобақылау комитетінің қызметін күшейтпекпіз. Яғни комитетке ЖЭО-ын өздегінен тексере алатындай құзырет беріледі. Сол сияқты еліміздегі жылу электр орталықтарын комитетке беру жағын ұсынып отырмыз. Қазір ЖЭО жергілікті әкімдіктердің қарауында", – деді Болат Ақшолақов Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, аталған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін алдымен заңға өзгерістер енгізу қажет.

"Біз Үкіметке ұсыныстарымызды жеткіздік, Одан әрі қалай болатыны келер жылдың бірінші тоқсанында белгілі болады", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу