Министрдің қызметі өте жауапты – Ақмарал Әлназарова

516

Ведомство басшысы өзіне артылар жауапкершіліктің жүгі жеңіл емес екенін баса айтты. 

Министрдің қызметі өте жауапты – Ақмарал Әлназарова Фото: parlam.kz

Жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Министрдің қызметі өте жауапты. Біріншіден, бұл – Мемлекет басшысының үлкен сенімі. Екіншіден, халықтың күтіп отырған үлкен нәтижесі. Сол себептен осы екі үлкен мәселе маған жауапкершілікті жүктейді. Айтарлықтай қорқыныш жоқ. Бұл жерде жұмыс істеу керек. Өздеріңізден қолдау күтеміз. Қашпаймын", - деді Ақмарал Әлназарова Сенат кулуарында. 

Айта кету керек, осыған дейін ДСМ басшысы Ақмарал Әлназарова медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу