Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа спортшылардың діншілдігіне байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер министрден "Спортшылардың діншілдігіне байланысты көзқарасыңыз қандай?" деп сұрады.
"Дін мәселесі бойынша арнайы жол картасы әзірленген. Сол бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгінде арнайы ұйымдардан мамандарды тартып, спортшылармен жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Әр федерация өз құрамасына жауапты", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз брифингінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу